"Рудный орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

18 маусым күні Рудный орта мектебінде 11 және 9-сынып түлектері үшін "2025 жылдың Жұлдызды түлектері" атты мектеп бітіру кеші өтті.

Previous Next
18 маусым күні Рудный орта мектебінде 11 және 9-сынып түлектері үшін "2025 жылдың Жұлдызды түлектері" атты мектеп бітіру кеші өтті. Бұл ерекше күні мектепке оқушылар мен ата-аналар жиналып, алғаш рет балаларын мектепке алып келген сол алғашқы қадамдарын еске алды.
Мектеп директоры Александр Иванович Иваниенко түлектерге жүрекжарды тілегін айтып, негізгі және орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстады. Түлектерді сынып жетекшілері, бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналар құттықтап, өмір жолдары жарқын болсын, жоғары оқу орындарына сәтті түсулеріне, елін сүйетін, биік азаматтық ұстанымы бар, адал азаматтар болып өсулеріне тілек білдірді.
Түлектер өз кезегінде алғыс сөздерін айтып, мектепке, ұстаздарға, техникалық қызметкерлерге және ата-аналарға ризашылықтарын білдіріп, марапаттар табыстады.
2024–2025 оқу жылында 11-сыныпты 6 түлек аяқтады, олардың ішінде екеуі — Бекенов Саянбек пен Жоланов Қуаныш — "Алтын белгі" иегерлері атанды. 9-сыныпты да 6 оқушы тәмамдады, олардың ішінде Мамырхан Аяжан ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.
9-сыныптардың сынып жетекшілері — Бадымова Әсем Шағымановна мен Базарбаев Жомарт Қалымжанович, ал 11-сыныптардың сынып жетекшілері — Базерке Жансұлу Камбаровна, Омаров Дияз Әбжажнович және Абжанова Орал Магопарқызы адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Записаться на прием