24-ші қазанда Рудный орта мектебінде Республика күніне және мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай мерекелік бағдарлама өтті. Құттықтау сөздерін география пәнінің мұғалімі Ж. К. Базарбаев, директордың ОББ орынбасары Л. М. Алимгиреева айтты.. Көп жылғы адал еңбегі мен кәсібилігі үшін бастауыш сынып мұғалімі О. В. Полякова алғыс хатпен марапатталды.. Мектеп оқушыларына Алтын сақа байқауының дипломдары, Отан туралы өлеңдер байқауының, "Менің Қазақстаным' суреттер байқауының жеңімпаздарының грамоталары табыс етілді, өнерді дәріптегені үшін "Солнышко"ансамблінің қатысушылары марапатталды. Оқушылар оқудағы жетістіктері, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін марапатталды. С. С. Алиеваның жетекшілігімен "Солнышко" ансамблі құттықтау сөз сөйледі.. Музыка мұғалімі Е. Ж. Омаровтың орындауында "Менің Отаным" патриоттық әні шырқалды.. Оқушылар Отан туралы өлең оқып, ән шырқады. Концерт жоғары деңгейде өтті.
#Республикакүні #ДеньРеспублики #АдалАзамат





