"Рудный орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Күзгі-қысқы кезеңдегі қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!» Құрметті оқушылар мен ата-аналар!

«Күзгі-қысқы кезеңдегі қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!» Құрметті оқушылар мен ата-аналар!
«Күзгі-қысқы кезеңдегі қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!»
Құрметті оқушылар мен ата-аналар!
Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен жарақат алу және жазатайым оқиғалар қаупі артады. Құбылмалы ауа райы, көктайғақ, қар жаууы, төмен температура және су айдындарында жұқа мұздың пайда болуы ерекше сақтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап етеді.
Назарларыңызды келесі ережелерді сақтау қажеттігіне аударамыз:
🍁 Құрметті оқушылар!
Жолда мұқият әрі сақ болыңыз, көшені тек белгіленген орындардан кесіп өтіңіз.
Тәуліктің қараңғы уақытында киіміңізге жарық қайтаратын элементтерді (световозвращатель) пайдаланыңыз.
Жолдың жүру бөлігінің жанында, мұздақ беткейлерде және қараусыз қалған құрылыс нысандарында ойнамаңыз.
Көшеде жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз, қауіпті заттармен ойнаудан аулақ болыңыз және жұқа мұзға шықпаңыз.
🌊 Ерекше назар — су айдындарындағы қауіпсіздікке!
Күзгі және қысқы әлі қатпаған жұқа мұзға шығуға қатаң тыйым салынады.
Мұздың беріктігін аяқпен ұрып тексермеңіз және су айдындарын кесіп өтуге тырыспаңыз.
Өзен, көл және басқа да су айдындарының жағасына жақын бармаңыз.
Ересектердің қарауынсыз су айдындарының маңында ойнауға және серуендеуге жол бермеңіз.
Есіңізде болсын: мұз берік болып көрінгенімен, өлімге әкелуі мүмкін!
👨‍👩‍👧 Құрметті ата-аналар!
Балаларды көшеде және су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыз.
Балаларға күзгі-қысқы кезеңдегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үнемі еске түртіп отырыңыз.
Балаларыңыздың бос уақытын қайда және кіммен өткізетінін бақылаңыз.
Қауіпсіздік ережелерін сақтауда өзіңіз үлгі болыңыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде балаларға ересектерден көмек сұрау және 112 нөміріне дереу қоңырау шалу қажет екенін түсіндіріңіз.
Есіңізде болсын! Балалардың өмірі мен денсаулығы — басты құндылық және мектеп пен отбасының ортақ жауапкершілігі.
Күз бен қыс тек қуаныш, жағымды әсерлер және қауіпсіз серуендер әкелсін!
Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! ❤️
Записаться на прием