Республикалық «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – Читающая нация» акциясы аясында кітапханада су ресурстарын үнемдеу және тиімді пайдалану мәселелеріне арналған «Су туралы оқимыз – болашақты ойлаймыз» атты экологиялық іс-шара – суға арналған экологиялық оқулар өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар су туралы танымдық материалдар мен кітаптарды оқып, оның адам өмірі мен табиғаттағы маңызын талқылады. Сонымен қатар су ресурстарына ұқыпты қараудың қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді.
Ерекше назар күнделікті өмірде суды үнемдеудің қарапайым ережелеріне және әр адамның табиғи байлықтарды сақтауға деген жауапкершілігіне аударылды.





