Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының (АПҚО) қызметі және Отбасы күніне арналған іс-шаралар аясында мектепте «Менің отбасымның портреті» атты арт-терапиялық шеберлік сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: отбасылық қарым-қатынасты нығайту, ата-аналар мен балалар арасындағы эмоционалдық жақындықты дамыту, отбасылық құндылықтарға деген оң көзқарасты қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар шығармашылық тапсырма орындап, «Менің отбасымның портреті» атты сурет салды. Суретте отбасы мүшелерін, олардың өзара қарым-қатынасын, сүйіспеншілігін және отбасылық құндылықтарын бейнеледі. Жұмыс жылы, достық және шығармашылық атмосферада өтті.
Қатысушылар іс-шараға үлкен қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Тапсырманы орындау барысында балалар мен ата-аналар шығармашылық арқылы өз сезімдері мен отбасылық қарым-қатынасқа деген көзқарастарын білдіре алды.
Қорытынды: арт-терапиялық шеберлік сағатын өткізу балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, өзара түсіністікті дамытуға және отбасылық құндылықтардың маңыздылығын арттыруға ықпал етті.





