"Рудный орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Өмір, мен сені сүйемін!» атты тренинг өткізді.

 «Өмір, мен сені сүйемін!» атты тренинг өткізді.
2026 жылғы 29 қыркүйекте «Рудный орта мектебі» КММ педагог-психологы Б.А. Омарова білім алушылармен «Өмір, мен сені сүйемін!» атты тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты: өмірге деген жағымды көзқарасты қалыптастыру, эмоционалдық төзімділікті дамыту, өмірдің оң жақтарын байқай білу және өзіндік ресурстарды бағалай алу дағдыларын жетілдіру.
Тренинг барысында өзін-өзі бағалауға, жағымды ойлауға, эмоционалдық қолдау көрсетуге және жеке өмірлік құндылықтарды ұғынуға бағытталған жаттығулар жүргізілді. Білім алушылар талқылаулар мен практикалық тапсырмаларға белсене қатысты. #"Өмір_мен_сені_сүемін!"#СҚО_Әкімдігінің_Білім_басқармасы#Психологиялық_қолдау_орталығы#
 
Записаться на прием